29 қараша 2022 09:15

Алматыда метро құрылысына қай учаскелер алынады?

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: krisha.kz Фото: krisha.kz

Алматыда метро құрылысы үшін алынатын учаскелер аталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі krisha.kz сайтына сілтеме жасап.


Алматыда метро құрылысы үшін алынатын учаскелер аталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі krisha.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматыда әкімдік метро құрылысы үшін 92 учаскені сатып алмақ. 2022 жылғы 7 қыркүйектегі "Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп алуды бастау туралы" қаулы қабылданды.

Жерді алу метрополитеннің үшінші іске қосу кешенін салу үшін қажет. Жобаға сәйкес, желі Абай даңғылының бойымен, Яссауи көшесінен батыс бағытта "Барлық" базарына дейін барады.

Алынатын учаскелер мынадай:

  • Қалқаман-2 шағынауданында: Айбергенов көшесінің тақ сан жағы бойынша, №195-тен 207-ге дейін;
  • Қалқаман-2 шағынауданында: Қыдырбеков көшесі №121 (1, 2 пәтерлер), №123 ( 1, 2 пәтерлер), №124, №125 ( 1, 2 пәтерлер), жұп сан жағы бойынша №126-дан 138а-ға дейін (№138 жатпайды);
  • Қалқаман-2 шағынауданында: Бегалиев көшесінде тақ сан жағы бойынша, №141-ден 147-ге дейін және жұп сан жағы бойынша №174-тен 180-ге дейін;
  • Қалқаман-2 шағынауданында: Молдабеков көшесінің жұп сан жағы бойынша, №100-ден 106а-ға дейін (№106 жатпайды);
  • Қалқаман-2 шағынауданында: Әшімов көшесінің жұп сан жағы бойынша, №164-тен 166-ға дейін;
  • Жайлы шағынауданында: №1 (1-ден 4-ке дейінгі пәтерлер), №1/1, №1/2 (1-ден 4-ке дейінгі пәтерлер), №1/4;
  • Достық шағынауданында: Паклиевский көшесі, №48.

Иеліктен шығарылған учаскелер мен жылжымайтын мүліктің барлық иесіне нарықтағы құны бойынша ақшалай өтемақы төленеді.

Әкімдік мәліметінше, қазірдің өзінде 24 жер учаскесі сатып алынған. 68 учаске бойынша сатып алу жүріп жатыр. Жұмысты 2025 жылдың 4 сәуіріне дейін аяқтау жоспарланған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети