20 наурыз 2024 09:03

Алматыда нөсер жаңбыр жауады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

"Қазгидромет" РМК болжамы бойынша, 20-22 наурыз аралығында Алматыда ауа райы бұзылып, нөсер жауын жауады, соған байланысты қалалық коммуналдық қызметтер дайындалып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Almaty.tv сайтына сілтеме жасап.


"Қазгидромет" РМК болжамы бойынша, 20-22 наурыз аралығында Алматыда ауа райы бұзылып, нөсер жауын жауады, соған байланысты қалалық коммуналдық қызметтер дайындалып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Almaty.tv сайтына сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта 536 жұмысшы мен 89 арнайы техниканың күшімен арық желілерін, арық өткелдерін және кездейсоқ қоқысқа айналған жерлерді тазалау жұмыстары жүргізіліп жатқаны айтылды.

Жауын-шашын кезінде су басудың алдын алу үшін мотопомпалармен және шанц құралдарымен жабдықталған 52 жедел мобильді бригаданың кезекшілігі ұйымдастырылады. 2,3 мыңнан астам қап құм дайындалды. Аудандық әкімдіктерде жұмыс өндірісін бақылау бойынша тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылады.

"Ауа райының нашарлауына байланысты тұрғындарға тауға барудан бас тартуға, жүргізушілерге ағаштардың құлау қаупі мен электр желілерінің үзілуіне байланысты көліктерді жол жиегіне қоймауға кеңес беріледі. Су басып қалуды болдырмау үшін қала тұрғындарынан арықтаға, нөсер ағындары мен каналдарға қоқыс тастамауды өтініп сұраймыз", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети