18 қаңтар 2024 09:33

Алматыдағы 7 жасар қыздың өліміне қатысты іс: өгей шешесі өз нұсқасын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

КТК кадры КТК кадры

Алматыда жеті жастағы Каринаны асқан қатыгездікпен ұрып өлтірді деп айыпталған әйел бар кінәні қыздың әкесіне артып отыр. Бүгінгі сотта айыпталушы өгей қызы туған әкесінің қолынан қаза тапқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.


Алматыда жеті жастағы Каринаны асқан қатыгездікпен ұрып өлтірді деп айыпталған әйел бар кінәні қыздың әкесіне артып отыр. Бүгінгі сотта айыпталушы өгей қызы туған әкесінің қолынан қаза тапқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Атышулы іске қатысты кезекті сот отырысында күдікті әйел азаматтық некедегі күйеуін жамандаумен болды. Әкесі қызына үнемі қол жұмсағанын, жалпы ішкілікке құмар болған дейді. Каринаны әкесі кезекті рет оңбай сабап, ақыры жеткіншек тілге келместен көз жұмды дейді.

"Карина дәретін жіберіп қойып, әкесі оны жуындыруы керек болған. Мен оған "тек ұрма" дедім. Үй жинап жүріп ваннадан бір дыбыс шықты. Барып қарасам, Карина ваннаның ішінде ісініп, қорылдап жатыр. Жуындырып бөлмеге апарып жатқыздым. Мен тек оны талып қалған екен деп ойладым. Өліп қалады деген ой болмапты", - дейді айыпталушы.

Айыпталушы "күйеуінің қылмысын жасырмай, әу баста шындықты айту керек еді" деді.

Еске салайық, оқиға былтыр шілдеде болды. Жеті жастағы қыз өгей шешесінен төрт ай бойы таяқ жеп, ақыр соңында миына қан құйылып көз жұмған. Қыздың өгей шешесі әрі өзін қоғам белсендісі ретінде көрсететін Балжан Тұрлыбекова қамауға алынған еді. Қайтыс болған Каринаның әжесі мен өзге де туыстары қыздың туған әкесін де жауапқа тартуды талап еткен.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети