06 наурыз 2024 17:25

Алматыдағы жер сілкінісі: Қазнетте мектеп директорының реакциясы тарап кетті

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Жақында Алматыда қатты жер сілкінісі болды. Әлеуметтік желіде түрлі видео жарияланып жатыр. Кадрлардың біріне әсерлі сәт түсіп қалған. Онда директор қорқып қалған баланы жұбатып отыр. Tengri Life видеоға қатысты пікір алу үшін мектеп басшысына хабарласты.


Жақында Алматыда қатты жер сілкінісі болды. Әлеуметтік желіде түрлі видео жарияланып жатыр. Кадрлардың біріне әсерлі сәт түсіп қалған. Онда директор қорқып қалған баланы жұбатып отыр. Tengri Life видеоға қатысты пікір алу үшін мектеп басшысына хабарласты.

Қазнетте жер сілкінісінен кейін түсірілген видео тарап кетті. Оқушының қорқып қалғаны анық, мұны көрген директор оның көңілін көтеріп, тыныштандырып отырғаны байқалады. Бейнежазбаға қарағанда, ол Алматыдағы №8 мектеп-гимназиясында түсірілген.

Бейне бір миллионға жуық қаралым, бес жүзге жуық пікір жинады.

Tengri Life желіде тарап кеткен видеоға қатысты пікір алу үшін мектеп басшысына хабарласты. №8 гимназия директоры Ардақ Смағұлованың айтуынша, жер сілкінісінен бала шошып кеткен.

"Мұндай сәтте қолдау керек. Жылы сөз, түсіну, жан жылуы көңілді орнына түсіреді. Біздің оқушымыз - нағыз ер азамат! Видео барлық жерде тарап, қиын-қыстау кезеңде балаға деген ұстаздың жылы сөзі мен құшағының күші мен құдіретін тағы бір мәрте көрсетті. Мейірімділік әлемді құтқарады, балалар біздің құндылығымыз, болашағымыз соларда. Балалар біздің өміріміздің гүлі, олар бақытты болып, күлімдеп жүрсін", - деп жазды ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети