19 наурыз 2024 10:03

Алматыдағы крематорий құрылысы: әкімдік мердігерді сотқа берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы крематорийі ғимараты ©Tengrinews.kz Алматы крематорийі ғимараты ©Tengrinews.kz

Алматы әкімдігі әлі ашылмаған қалалық крематорийге инженерлік коммуникация жүргізуі тиіс мердігерді сотқа берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы қалалық құрылыс басқармасы хабарлады.


Алматы әкімдігі әлі ашылмаған қалалық крематорийге инженерлік коммуникация жүргізуі тиіс мердігерді сотқа берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы қалалық құрылыс басқармасы хабарлады.

Ведомство мәліметінше, крематорий құрылысының бас жоспары екі тәуелсіз жобаға бөлінген: ғимарат құрылысы және инженерлік желілердің құрылысы. Ғимараттағы құрылыс-монтаж жұмыстары 2021 жылғы желтоқсанда аяқталды.

"Крематорийдің толыққанды жұмыс істеуі үшін сыртқы желілер бойынша жоба түзетуге жіберілді. Түзету газ құбырының магистральдық желісінің өзгеруіне (тозуы) байланысты жүргізілді. Сыртқы желілер бойынша жұмыстар аяқталу сатысында 95 пайызға орындалды. Шарттың қолданылу мерзімінің аяқталуына және шарттық міндеттемелердің тиісті түрде орындалмауына байланысты 2023 жылғы 20 желтоқсанда "ТаразҚұрылысИнвест" ЖШС мердігерлік ұйымына Алматы Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына (МАЭС) оны Мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану және Алматының жергілікті бюджетінің кірісіне тұрақсыздық айыбын өндіріп алу туралы талап арыз берілді. Қазіргі уақытта сот процесі жүріп жатыр, нәтижелері қосымша хабарланады", - деп хабарлады Алматы әкімдігі.

Қазақстандағы алғашқы крематорий Алматының Алатау ауданында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети