12 сәуір 2024 15:41

Алматылықтардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ - "Қазселденқорғау" "Ақсай" бөгеті туралы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сариев Фото ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сариев

"Қазселденқорғау" Ақсай өзенінің бассейніндегі жағдайға байланысты алматылықтардың өміріне қауіп жоқ екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Қазселденқорғау" Ақсай өзенінің бассейніндегі жағдайға байланысты алматылықтардың өміріне қауіп жоқ екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ақсай өзенінің бассейніндегі сел жағдайы тұрақты. Ақсай өзеніндегі жағдай бойынша салынып жатқан бөгеттен жоғары өзендегі жағдай тыныш, сел қаупі жоқ. Тұрғындардың өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ. Қазселденқорғау мамандары гидрологиялық бекеттерде су деңгейін үнемі бақылап отырады", - деп хабарлады ведомстводан.

"Қазселденқорғау" ММ деректері бойынша қазіргі уақытта мореналық көлдер қысқы режимде, көлдің жарылу қаупі жоқ. Ақсай өзенінің су ағыны су өткізу құрылыстары арқылы кедергісіз өтеді, селехабар ыдысында су жиналмайды. Қазселденқорғау мамандары сел жағдайын тұрақты бақылап отыр.

Ақсай өзеніндегі селді ұстайтын бөгет жобасын әзірлеудің мақсаты өзен арнасы бойындағы орналасқан объектілерді сел ағындарынан инженерлік қорғау, адамдардың өмірін қорғау, сел қаупі бар аймақтағы шаруашылық жүргізуші субъектілердің объектілерін қорғау. Сел қаупі аймағында 30 мыңнан астам адам бар.

Сонымен қатар, жазда жексенбі күндері сел қаупі бар аймақта бір мезгілде 5 мыңнан астам адам болады. Олар: демалуға келгендер, алматының тұрғындары мен қонақтары және оларға қызмет көрсететіндер.

"Қазіргі уақытта бөгеттің құрылысы тоқтатылды. Мердігер ұйыммен нақты салынған құрылыстардың жобалық деректерге сәйкес келмеуі бойынша сот талқылаулары жүргізіп жатыр", - деп түйіндеді Қазселденқорғау.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети