18 сәуір 2023 12:27

Әскери прокуратура армиядағы өзіне қол жұмсау деректеріне қатысты пікір білдірді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото – Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото – Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Сенатта өткен отырыс барысында бас әскери прокурордың бірінші орынбасары Мақсат Қазиев Қазақстан армиясындағы өлім себептеріне қатысты статистиканы жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Сенатта өткен отырыс барысында бас әскери прокурордың бірінші орынбасары Мақсат Қазиев Қазақстан армиясындағы өлім себептеріне қатысты статистиканы жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазиевтің есебіне сәйкес, 2020 жылдан бері 270 қазақстандық әскери қызметкер қаза тапқан. Оның ішінде 78 сарбаз – 2020 жылы, 96 – 2021 жылы, 85 – 2022 жылы. 2023 жылдың басынан бері 11 қорғаушымыз өмірден өтті. Сонымен қатар, жалпы өлім-жітімнің 36 пайызы аурудан, 24 пайызы жол-көлік оқиғасынан, 20 пайызы өз-өзіне қол жұмсау салдарынан болып отыр.

"Құқықтық статистика комитетінің мәліметі бойынша, 2018-2022 жылдары елімізде 17 631 суицид және 21 332 суицид әрекеті тіркелді. Яғни, 10 мың азаматқа 9 суицид және 11 әрекеттен келеді. Оның ішінде 86 суицид және 20 суицид әрекеті әскерде болған. Яғни, 10 000 әскери қызметкерге шаққанда алты суицид және бір суицид әрекеті. Демек, әскерде өз-өзіне қол жұмсау деректері жиі болады деген қоғамдық пікір ресми деректермен расталмайды", - деді Бас әскери прокурордың бірінші орынбасары.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети