03 шілде 2023 13:30

Астана әкімі ірі жобаларды жүзеге асыруға жұмсалатын қаржы туралы айтты

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Елорда мәслихатының кезектен тыс сессиясында Астана әкімі Жеңіс Қасымбек алдағы бірнеше жылда қалада ірі жобаларды жүзеге асыруға жұмсалатын қаржы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Елорда мәслихатының кезектен тыс сессиясында Астана әкімі Жеңіс Қасымбек алдағы бірнеше жылда қалада ірі жобаларды жүзеге асыруға жұмсалатын қаржы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгінде елордада жүзеге асырылып жатқан шығынды жобалардың бірі – LRT құрылысы. Басқа жобалар, мысалы, ЖЭО-3 пен кәріз құрылысын салу да осыдан кем емес қаржыны қажет етеді.

"Шындықты айту керек: LRT құрылысын аяқтау үшін бізге сонша қаржы керек. Алдағы екі-үш жылда 250-300 миллиард теңге. Жылу электр орталығын аяқтау үшін де жүздеген миллиард теңге қажет. Кәрізге келетін болсақ - бұл сұмдық сома. Тіпті айтқым келмейді, онда жүздеген және жүздеген миллиард теңге", - деді Қасымбек.

Кезектен тыс сессияда депутаттар Астана қаласының 2023-2025 жылдарға арналған бюджетіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәселені қарады. Жеңіс Қасымбек осы кезеңде қазынаға қосымша қаржы тартылатынына сенім білдірді.

"Жалпы, әрине, алдағы екі-үш жылда бюджетті толықтыру қиын болады деп күтіледі", - деді елорда әкімі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети