13 қазан 2023 15:15

Астана тұрғыны балабақшаның электрон кезек жүйесіне хакерлік шабуыл жасаған

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

rawpixel.com\Freepik rawpixel.com\Freepik

Астана тұрғыны мектепке дейінгі ұйымға жолдама алу үшін балабақшаның электрон кезегіне шабуыл жасауға хакерлер жалдаған. Бұл туралы елордалық соттың баспасөз қызметі хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Астана тұрғыны мектепке дейінгі ұйымға жолдама алу үшін балабақшаның электрон кезегіне шабуыл жасауға хакерлер жалдаған. Бұл туралы елордалық соттың баспасөз қызметі хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сот мәліметінше, Астана тұрғыны С. құқығы бұзылғаны туралы айтып, ЖШС-не азаматтық талаппен жүгінген. Ол портал арқылы балабақшаға жолдама алғанымен, кейін оның жеке кабинеті бұғатталғанынын айтып шағымданған.

Талапкер сотқа жүгініп, жауапкердің жеке кабинетті бұғаттан шығарып және балабақшаға кезекті қалпына келтіруді міндеттеуді талап етті.

Сотта мемлекеттік мекеме қаладағы мектепке дейінгі ұйымдарға жолдама алу кезінде тең және ашық жағдайлар үшін цифрлық сервисті іске қосқаны анықталды.

"Талапкер мемлекеттік қызмет көрсету шарттары туралы хабардар болды және жария оферта шартында онымен келісті. Алайда, кейіннен талапкер мемлекеттік қызмет көрсету және келісімшарт ережелерін бұзды, мектепке дейінгі ұйымға жолдама алу үшін үшінші тұлғалардың қызметтерін пайдаланды, оларға ақпараттық жүйенің жеке кабинеті деректерін берді.

Ұсынылған электрон деректерден талапкердің мүддесінде мектепке дейінгі ұйымға жолдама алу үшін үшінші тұлғалардың интернет-порталға хакерлік шабуыл жасағаны анықталды", - деп түсіндірді сот.

Сот отырысында Астана тұрғыны жеке деректерін үшінші тұлғаларға бергенін растады.

Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының шешімі бойынша астаналық азаматтың талап арызы қанағаттандырусыз қалдырылды.

Сот шешіміне тараптар шағымданбады және заңды күшіне енді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети