26 наурыз 2024 13:52

Астанада Бишімбаевтың ісі бойынша жабық сот отырысы өтеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Сот  баспасөз қызметі Фото: Сот баспасөз қызметі

Сәрсенбі, 27 наурызда Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша жабық сот отырысы өтеді. Бұл туралы соттың баспасөз қызметі хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ертең жиында бұрынғы ұлттық экономика министрінің ісі бойынша алқабилерге кандидаттарды іріктеу өтеді.

"Алқабилер алқасы 12 адамнан құрылады (10 негізгі және 2 қосалқы). Іріктеу алқабилердің жеке басын жария ету мүмкіндігін болдырмау үшін жабық сот отырысында жүргізіледі", - деп хабарлады сотта.

Ескес алайық, наурыздың басында әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді және азаптады деп айыпталған Қуандық Бишімбаевтың ісін алқа билер алқасы қарайтыны белгілі болды. 27 наурызға белгіленген негізгі сот отырысына бір тізім бойынша 300 алқабиге кандидат шақырылады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети