21 қаңтар 2014 15:10

Астанада бірнеше дүкенді тонаған қарақшылар ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Tengrinews.kz мұрағатынан Tengrinews.kz мұрағатынан

Астана полицейлері сатушыларға жасалған бір топ қарақшылық дерегін әшкереледі, бұл туралы Tengrinews.kz қалалық ішкі істер департаментіне сілтеме жасап хабарлайды. "Астаналық полиция қызметкерлері өткен ай ішінде қалада қарақшылық шабуыл жасап, дүкен тонаған Шығыс Қазақстан облысының екі тұрғынын ұстады", - делінген хабарламада. Күдіктілер дүкенде тұтынушылардың жоқ кезін пайдаланып, сатушыларды ұрып-соққан, денелеріне пышақ жарақатын салып, ақша мен жеке заттарын алып кеткен. "Бір сатушыға өзге дене жарақатынан бөлек, сегіз рет пышақ салса, келесі бір дүкенде саудагерге бір рет пышақ тиген, үшінші дүкеннің сатушысын пышақпен қорқытқан", - дейді ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі. Қаскөйлер біреудің Mercedes көлігін де айдап кеткен. Қазіргі уақытта машина табылып, иесіне қайтарылды. Жауап алу кезінде ұсталған екеу аталған қылмыстарды жасағанын мойындап, айғақ берді. Олардың сөзіне қарағанда, екеуі Астанада уақытша тұрып жатқан, еш жерде жұмыс істемейді. Бұл деректер бойынша "Қарақшылық" және "Тонау" баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілерден пышақ және басқа да айғақ заттар тәркіленді. Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.35   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети