05 наурыз 2024 11:09

Атырау МӨЗ бұрынғы бас директоры Мұрат Досмұратов үйқамаққа алынды - БАҚ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мұрат Досмұратов. Фото: kmg.kz Мұрат Досмұратов. Фото: kmg.kz

Атырау мұнай өңдеу зауытының бұрынғы бас директоры Мұрат Досмұратов үйқамаққа алынды. Бұл туралы "Ақ Жайық" басылымына дереккөз хабарлаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Атырау мұнай өңдеу зауытының бұрынғы бас директоры Мұрат Досмұратов үйқамаққа алынды. Бұл туралы "Ақ Жайық" басылымына дереккөз хабарлаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Басқа мәліметтер берілмеді.

Бұған дейін БАҚ Мұрат Досмұратовтың қызметтік өкілетін асыра пайдаланғаны үшін 72 сағатқа қамауға алынғанын хабарлаған болатын. Досмұратовтың ұсталуының бас директор Ғалымжан Жусанбаев пен оның орынбасары, бас инженер Әділет Шошанбасов таяуда қызметінен босатылған Атырау мұнай өңдеу зауытындағы соңғы оқиғаларға қатысы жоқ екені атап өтілді.

"Ақ Жайық" мәліметінше, "Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС басшылығына қатысты соталды тергеуді облыс прокуратурасының үйлестіруімен Атырау бойынша ҚМА департаменті жүргізіп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети