20 желтоқсан 2023 09:56

Атырау облысында табиғатты пайдалану талабын бұзған екі ЖШС-ға айыппұл салынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Атырауда прокурорлар қазынаны 10,7 миллиард теңгеге толықтырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Атырау облысының прокуратурасына сілтеме жасап.


Атырауда прокурорлар қазынаны 10,7 миллиард теңгеге толықтырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Атырау облысының прокуратурасына сілтеме жасап.

Атырау облысының прокуратурасы табиғатты пайдалану субъектілерінің экологиялық заңнама талаптарының сақталуына талдау жүргізді.

"​Талдау шеңберінде парниктік газдар квотасынан асып кету, эмиссияны экологиялық рұқсатсыз жүзеге асыру, сондай-ақ рұқсат етілген шығарындылар нормаларынан асып кету және жердің ластану фактілері анықталды.

​Енгізілген прокурорлық қадағалау актілерінің нәтижеcімен Karabatan Utility Solutions ЖШС және "Теңізшевройл" ЖШС әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - делінген хабарламада.

​Осылайша, прокуратура уақтылы қабылдаған шаралармен жоғарыда аталған компанияларды сот кінәлі деп таныды, өндіріп алынған айыппұл мөлшері 10,7 миллиард теңге болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети