14 сәуір 2024 12:16

Атырауда суға кеткен үйін қарауға кеткен ер адам өлі табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Massaget.kz / Nurzhan Rysbekov Фото: Massaget.kz / Nurzhan Rysbekov

Атырауда суға кеткен үйін қарауға барып батып кеткен ер адам өлі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі AtyrauPress сайтына сілтеме жасап.


Атырауда суға кеткен үйін қарауға барып батып кеткен ер адам өлі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі AtyrauPress сайтына сілтеме жасап.

Бүгін, 14 сәуірде, таңғы сағат 9 шамасында ТЖД күштерімен және тұрғындардың көмегімен ер адамның денесі табылды.

6 сәуірде Жылыой ауданы Құлсары қаласында 1976 жылы туған әкесі 2000 жылы туған баласымен рұқсат ету құжатынсыз су басқан тұрғын үйді қарау үшін барып, кейін эвакуациялық пунктке кері оралмаған. Сол уақыттан бастап құтқарушылар іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Атырау облысы ТЖД Қоғаммен байланыс тобының хабарлауынша, іздестіру жұмыстарына 40 қызметкер, 6 жүзу құралы, 1 бірлік техника жұмылдырылды.

2000 жылы туылған жасөспірім әлі табылмады. Құтқарушылар Іздестіру жұмыстарын жалғастырып жатыр. Атырау облысы ТЖД азаматтарды су тасқыны кезеңінде өте мұқият болуға және қауіпсіздік шараларын сақтауға, тиісті рұқсатсыз үйлер мен эвакуациялау пункттерінен кетпеуге шақырады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети