11 қараша 2015 16:14

Ауа райы: Қазақстанға Ресей мен Орталық Азиядан циклон жылжып келеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© moe-online.ru © moe-online.ru

Синоптиктер 12-14 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Синоптиктер 12-14 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазгидромет" кәсіпорнының мәліметінше, Ресейдің Еуропа аумағында орналасқан терең циклон мен Орталық Азиядағы циклон ақырындап Қазақстанға қарай жылжиды. Республика аумағы арқылы жылжи отырып, ол жаңбыр мен қарды алып келеді.

"Осыған байланысты көктайғақ болып, желдің жылдамдығы секундына 15-25 метрге дейін артады, еліміздің солтүстігінде боран соғады. Сонымен қатар, солтүстік және шығыс облыстарында қалыптасқан қар жамылғысы ұлғаюын жалғастырады", - деп хабарлады синоптиктер.

Еске сала кетейік, бұған дейін синоптиктер қараша айында ауа райының қандай болатынын айтты. Болжам бойынша, күздің соңғы айы қарашада ауа райы жауын-шашынды болады, жел күшейіп, тұман түсіп, көктайғақ күтіледі.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети