09 қаңтар 2023 11:59

Азаматтық авиация комитеті төрағасының жаңа орынбасары тағайындалды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тимур Тілегенов Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Тимур Тілегенов Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жедел кеңесте Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев Азаматтық авиация комитеті төрағасының жаңа орынбасарын таныстырды.

Тимур Тілегенов 2021 жылы Францияның Ұлттық азаматтық авиация мектебін (ENAC) әуе көлігін басқару мамандығы бойынша, 2014 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын халықаралық қатынастар мамандығы бойынша, 2009 жылы Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін халықаралық қатынастар мамандығы бойынша үздік бітірген.

Комитет төрағасының орынбасары болып тағайындалғанға дейін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің Әуе қатынасы және халықаралық әуе қозғалысын реттеу департаментінің басшысы қызметін атқарған.

2009 жылдың қазанынан бастап 2019 жылдың қазанына дейін Азаматтық авиация комитетінде халықаралық қатынастар және әуе тасымалы бөлімінің сарапшысы, бас сарапшысы, аға мемлекеттік авиация инспекторы қызметтерін атқарған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети