15 сәуір 2024 16:13

Бишімбаев Нүкенова қайтыс болған күнге қатысты айғағын өзгертті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz 2024. Тұрар Қазанғапов © Tengrinews.kz 2024. Тұрар Қазанғапов

Астанада Салтанат Нүкенованы қинады және өлтірді деп айыпталып отырған Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот отырысы жалғасып жатыр. Бүгінгі сот отырысы барысында Бишімбаев айғағын өзгертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Астанада Салтанат Нүкенованы қинады және өлтірді деп айыпталып отырған Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот отырысы жалғасып жатыр. Бүгінгі сот отырысы барысында Бишімбаев айғағын өзгертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бишімбаевтың адвокаты Назкен Құсайынова оған мүсәтір (нашатырь) туралы сұрақ қойды.

"Негізі, түскі ас кезінде Бақытжан (екінші сотталушы Байжанов – еск.) мүсәтір, таңғышты алып кіргенде, ол оны тамызып, таңғышты маған берді, ол менің мүсәтірді Салтанаттың мұрнына, аузына жақындатқанымды қарап тұрды. Сол кезде ол автоматты түрде, мүсәтірге оянбағанын көргенде, жедел жәрдем шақыруды ұсынды. Көріпкелмен әңгімемізді естігенін баяндады. Мен: "Жарайды, мен хабарласайын" ​​дедім. Мен көріпкелге телефон соқтым, дәл сол VIP-1 де болған", - деді Бишімбаев сұраққа жауап беріп.

Осы кезде судья Айжан Кулбаева Бишімбаевтың айғақтарындағы сәйкессіздіктерге назар аударды.

"Сотталушы Бишімбаев, бір минут, сіз оқиғаны баяндағанда, жауап алу кезінде, сізге мүсәтірді алып келгеннен кейін оны бірінші өзіңіз сосын жәбірленушіге иіскеткеніңізді айттыңыз. Сонда, сол кезде сіз өтірік айттыңыз ба?" – деп Кулбаева сұрақ қойып.

"Жоқ, ол маған мүсәтір тамызылған таңғышты берді, ыдысын өзі қолында ұстап тұрды", - деп жауап берді Бишімбаев.

"Сіз мұның бәрін өзіңіз жасағаныңызды, иіскеп, содан кейін жәбірленушіге иіскеткеніңізді айттыңыз. Демек, өткен сот отырыстарында бұл жағдай туралы өтірік айттыңыз ба?" – деп түсіндірді судья.

"Байжановтың "випкада" болуы, мүсәтірді әкелуі, оны ұстап тұрғаны туралы, иә, мен бұл деректі басқаша айттым, бірақ Байжановтың осы уақыт бойы маған жасаған қысымына, меншікке және басқа да мәселелерге бола", - деді Бишімбаев.

Судья Айжан Кулбаева сотталушының жалған айғақ берген-бермегенін тағы да сұрады.

"Мен бұл сұраққа жауап бердім, құрметті сот", - деді Бишімбаев.

"Демек, жалған", - деп қорытындылады судья.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети