21 желтоқсан 2023 12:58

Бишімбаевтың ісіне қатысты тергеу қашан аяқталады? ІІМ өкілі жауабы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Сенат кулуарында ішкі істер министрінің орынбасары Марат Қожаев бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты тергеудің мерзімі туралы сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Сенат кулуарында ішкі істер министрінің орынбасары Марат Қожаев бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты тергеудің мерзімі туралы сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қожаевтың айтуынша, тергеу жақын арада аяқталуы тиіс. Сараптама нәтижесін күту керек.

"Тергеу, сараптама қорытындысы, іс аяқталған соң екі тарапты құжаттармен таныстыру қажет. Бұл да уақытты алады. Содан кейін іс сотқа жіберіледі", - деді министрдің орынбасары.

Еске салайық, 9 қарашада экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ұсталғаны белгілі болды. Астанадағы мейрамханалардың бірінде келушілер арасында жанжал шығып, салдарынан бір әйел алған жарақатынан көз жұмған. Болжам бойынша, әңгіме экс-министрдің әйелі туралы. Бишімбаевтың ұсталғаны туралы хабарламамен қатар Астана полициясы ер адамның ұсталғаны туралы пікір білдірді. Бірақ оның аты-жөнін нақтыламады.

Сондай-ақ, сағат 19:54-те астаналық жедел медициналық қызмет көрсету станциясы пультіне қоңырау түскен. Жедел жәрдем бригадасы жеткенде 1992 жылы туған әйелдің қаза болғаны расталды. Кейін марқұмның 31 жастағы Салтанат Нүкенова екені белгілі болды. Ол - Қуандық Бишімбаевтың әйелі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети