01 сәуір 2024 11:13

Бишімбаевтың соты: прокурор әлеуметтік желідегі жарияланымдарды шектеуді талап етті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың сотының кезекті отырысында прокурор әлеуметтік желіде сотқа қатысты жарияланымдарды шектеуді талап етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың сотының кезекті отырысында прокурор әлеуметтік желіде сотқа қатысты жарияланымдарды шектеуді талап етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алқабилерді сот залына шақырмас бұрын прокурор ұсыныс жариялады. Мемлекеттік айыптаушының айтуынша, сот тараптардың жарыссөзі үшін барлық жағдайды жасаған. Атап айтқанда, сот залында фотоға түсіруге және дыбыс және видео жазбаларды пайдалануға рұқсат етіледі. Алайда бұл әрекеттер сот талқылауының қалыпты өтуіне кедергі болмауы керек.

Прокурордың айтуынша, 29 наурыздағы сот отырысынан кейін әлеуметтік желілерде соттың процесті өткізуіне қатысты жеке пікірлерін білдіретін жазбалар жарияланған. Оның айтуынша, бұл сотқа қысым жасайды.

"Бұл мән-жайлар сот талқылауының қалыпты өтуіне кедергі келтіреді және алқабилерге кері әсерін тигізіп, олардың арасында нұқсан келтіруі мүмкін. Құрметті сот, процеске қатысушылардың барлығына қылмыстық іс жүргізу заңнамасының талаптарын сақтауға міндеттеуіңізді және процеске қатысушылардың қарсылықтары, сот талқылауы шеңберіндегі мәлімдемелері бойынша процестің өтуіне өз пікірлерін білдіруді және әлеуметтік желі платформасында емес", - деді прокурор.

Сот отырысына қатысушылардың барлығының келісімі бойынша, судья өтінішті қанағаттандырды. Ол сот процесіне қатысушылардың барлығына әлеуметтік желілерде сөйлеуден бас тартуды ұсынды, себебі бұл алқабилер арасында теріс пікір тудырып, қылмыстық істі объектив қарауға кедергі келтіруі мүмкін.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети