27 наурыз 2024 15:45

Боранбаевтың бұрынғы қонақүйін сату мүмкін болмады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Қайрат Боранбаев мемлекет меншігіне өткізген Comfort Hotel Astana қонақүй кешені саудасы өтпеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қайрат Боранбаев мемлекет меншігіне өткізген Comfort Hotel Astana қонақүй кешені саудасы өтпеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сауда Астананың Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының бастамасы және қонақүйді сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға беру бойынша тендер түрінде өтуі тиіс болатын. Қонақүйдің бастапқы бағасы – 3 919 431 715 теңге. Кепілдік жарна 587,9 миллион теңге болады.

Тендер шарты бойынша, тіпті бір қатысушыға сатуға рұқсат етілген, бірақ қонақүйді сатып алғысы келетіндер болмады.

"Сауда басталған кезде тізілім веб-порталында қатысушылардан қабылданған өтінімдер жоқ", - делінген электронды сауда алаңының порталында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети