14 наурыз 2024 12:03

Бір үйде 300 адам: Алматы облысында мигранттар заңсыз тіркелген пәтерлер анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

Алматы облысында прокурорлар мигранттарға арналған заңсыз пәтерлерді анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы облысында прокурорлар мигранттарға арналған заңсыз пәтерлерді анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Облыста 12 мыңнан астам шетелдік тіркелген 278 үй анықталды. Бұл үйлердің ішінде тұрғын үйлер де, мекенжайлары жоқ үйлер де болған.

"Мәселен, Қарасай ауданы, Батан ауылындағы үйлердің бірінде 300-ден астам шетел азаматы тіркелген. Осы фактілер бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 394-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды", - деп хабарлады прокуратура.

Үш мың мигранттың мемлекет қазынасына 79 миллион теңге салықты төлемеу фактілері анықталып, өндіріп алу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, сот шешімі бойынша, депортациялауға жататын 29 мигрант пен қылмыстық құқық бұзушылық жасаған 43 мигрант елден шығарылмаған.

Жалпы, тексеру аясында Алматы облысының прокуратурасы 600-ден астам көші-қон заңнамасын бұзу фактісін анықтап, 17 көші-қон полициясының қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети