13 қараша 2019 09:00

Елімізде сүт жетіспеушілігі болуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pexels.com © pexels.com

Келесі жылдан бастап елімізде сүт қымбаттап, тапшылық сезілуі мүмкін. Себебі сүт өнімдерін шығаратын зауыттардың көбі Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық талабына сай емес, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.


Келесі жылдан бастап елімізде сүт қымбаттап, тапшылық сезілуі мүмкін. Себебі сүт өнімдерін шығаратын зауыттардың көбі Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық талабына сай емес, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Телеарнаның мәліметінше, 2020 жылы күшіне енетін ереже бойынша сүттің сапасы мен құрамы жіті тексеріледі. Ал отандық кәсіпорындар әлі күнге дейін сүтті ауылдардағы кішігірім шаруа қожалықтарынан алып жүр. Мұндай шикізат сол техникалық талапқа мүлдем сай емес дейді.

Елімізде сүт өнімдерін шығаратын 150-ге жуық зауыт бар. Келесі жылдан бастап Кеден одағының техникалық талабы күшіне енсе, кәсіпорындардың жұмысы тұралауы мүмкін. Бұл өз кезегінде сүттің жетіспеушілігіне әкеп соғады.

"Енді техникалық талапқа сай келмейтін шикі сүтті қабылдауға болмайды. Себебі, оның ішінде антибиотик және басқа да рұқсат етілмеген заттар болса ол сүтті пайдалануға болмайды. Енді зауыттар көлемін азайтады. Қазірдің өзінде сүт жетіспеушілігі бар. 1 қаңтардан бастап одан да қиын болады", - дейді Қазақстан сүт одағы Оңтүстік аймағының өкілі Дінмұхаммед Айсауытов.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети