21 ақпан 2023 15:11

Еліміздегі барлық балабақшада бейнебақылау камералары тексеріледі

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оқу-ағарту министрлігі Петропавлдағы мектепте болған төтенше жағдайдан кейін Қазақстанның барлық балабақшаларында бейнебақылау камералары тексерілетінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Оқу-ағарту министрлігі Петропавлдағы мектепте болған төтенше жағдайдан кейін Қазақстанның барлық балабақшаларында бейнебақылау камералары тексерілетінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқу-ағарту министрлігі Мектепке дейінгі білім департаментінің директоры Наталья Жұмаділдаева министрлік бейнебақылау камералары мен балаларды қорғаудың басқа да құралдары жоқ мектепке дейінгі ұйымдарды анықтайтынын, министрдің берген бұйрығында бейнебақылау камераларының үлгісі қандай болуы керек деген талаптардың барлығы көрсетілгенін айтты.

"Өкінішке орай, бүгінгі күні бұл талаптарды барлық ұйымдар орындай бермейді. Әрине, мектепке дейінгі ұйымда жұмыс істейтіндердің барлығы осы тексерістен кейін сабақ алады. Бақылау мәселесіне келсек, біздің тарапымыздан барлық мектепке дейінгі ұйымдардың барлық ережелерге сәйкестігін тексеру шаралары әзірленіп жатыр", - деді Жұмаділдаева.

Оның айтуынша, бейнебақылау камералары жоқ ұйымдар анықталғаннан кейін әрбір ұйымның балаларды қауіпсіз күтіп-баптауын қамтамасыз ету шаралары әзірленетін болады.

"Біз мектепке дейінгі ұйымдардың бөлімдеріне және меншік түріне қарамастан барлық талаптарының орындалуын талап етеміз. Өйткені әңгіме балалардың қауіпсіздігі, өмірі туралы болып отыр", - деп жауап берді ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети