13 қазан 2014 18:49

"Ескі үйлерді бұзу" бағдарламасы бойынша салынған үйде әлі коммуникация жоқ

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Әлішер Ахметов ©Әлішер Ахметов

"Ескі үйлерді бұзу" бағдарламасы бойынша тұрғызылған тоғызқабатты үйде әлі күнге дейін коммуникация желілері жоқ - үй кезінде премьер-министр Серік Ахметовке таныстырылып, 2014 жылдың қаңтарында пайдалануға берілген, ал мұнда газ бен ыстық су әлі жоқ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Тұрғындар қыста жылусыз қаламыз деп қорқады.


"Ескі үйлерді бұзу" бағдарламасы бойынша тұрғызылған тоғызқабатты үйде әлі күнге дейін коммуникация желілері жоқ - үй кезінде премьер-министр Серік Ахметовке таныстырылып, 2014 жылдың қаңтарында пайдалануға берілген, ал мұнда газ бен ыстық су әлі жоқ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Тұрғындар қыста жылусыз қаламыз деп қорқады.

"Энергетика басқармасы трансформаторлық қосалқы станцияларды қаланың коммуналдық меншігіне уақытында берген жоқ, сондықтан тұрғындардың дербес шоты жоқ. Бүгін келісімге қол қойылды, жуырда есепшоттар пломбаланады. Дербес шоттар ашылып, кейін ПИК пен аудандық электр станциялары арасында келісімшартқа қол қойылады. Бұл электр қуатының төлемақысы бойынша. Ал жылу мен ыстық су бойынша ештеңе айта алмаймын. Аптаның соңына дейін болатын шығар", - деді "Алматы күрделі құрылыс кәсіпорны" ЖШС жетекші инженері Ғабит Жүнісбеков.

Жаңа үйдің тұрғындары электр плиталарды қолдануға мәжбүр. "Бізге үнемі дербес шоттар ашуға уәде береді. Бір жыл өтті, солай келе жатырмыз", - дейді тұрғындардың бірі. Айта кетейік, "Ескі үйлерді бұзу" бағдарламасы бойынша салынған үйлерге қаланың күрделі құрылыс кәсіпорны жауапты.

Мақатаев көшесі, 5А мекенжайындағы тоғызқабатты 72 пәтерлі үй

Күрделі құрылыс кәсіпорнының мәліметінше, 2013 жылдың маусымында Түрксіб ауданындағы Сейфуллин даңғылы - Молдағалиев - Сауранбаев - Чернышевский көшелерінің қиылысындағы шаршыда 20 пәтерлі бес тұрғын үй пайдалануға берілген. 

2013 жылдың соңында Алмалы ауданындағы Әйтеке би және Шәріпов көшелерінің қиылысында бесқабатты үйдің құрылысы аяқталды.

Жетісу ауданында Гончаров және Чарлыгин көшелерінің қиылысында тоғызқабатты үйдің құрылысы басталды.

Еске сала кетейік, бұрын Алматы әкімі Ахметжан Есімов "Ескі үйлерді бұзу" бағдарламасына жалпы ауданы 21 мың шаршы метрге тең 55 үй енгенін хабарлаған болатын. Бұлардың орнына 161,7 мың шаршы метр болатын 61 үй салынады, бұл - 2710 пәтер. "Ескі үйлерді бұзу" бағдарламасының жалпы құны - 25 миллиард теңге. 

Оның айтуынша, 2013 жылы жеті үй тапсырылды, 2014 жылы 17, ал 2015 жылы 37 үй пайдалануға беріледі. Үйлер қалалық бюджет есебінен тұрғызылады. Қаражат пәтерлерді сату есебінен қайтарылады. "Ескі үйлерді бұзу" бағдарламасы 2012 жылы басталды. Бұзылатын үйлердің картасын мына жерден қарауға болады. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети