11 қазан 2023 10:25

"Жағдай ушығып барады". Тоқаев әлемдік діндер көшбасшыларына үн қатты

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі хатшылығының ХХІ отырысы басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі хатшылығының ХХІ отырысы басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі хатшылығының ХХІ отырысына қатысушыларға құттықтау жолдады. Президент құттықтауын Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев оқып берді.

"Аса мәртебелі дін өкілдері, қадірлі меймандар! Баршаңызды әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі хатшылығының ХХІ отырысының ашылуымен шын жүректен құттықтаймын! Биыл алғашқы съездің шақырылғанына - 20 жыл. Бұл игі бастама өзінің өміршеңдігін дәлелдеп, аз уақыттың ішінде маңызды өркениетаралық диалог алаңына айналды. Форум дінаралық татулық пен келісімді нығайтуға, бүкіл адамзатқа ортақ түйткілдердің шешімін табуға және толеранттылықты дәріптеуге септігін тигізіп келеді. Бас қосу аясында әлемнің рухани көшбасшылары жаһан жұртшылығын алаңдатқан өзекті мәселелерді талқылап, бейбітшілікті сақтау және өзара құрмет пен сыйластықты насихаттау туралы ойларын ортаға салады", - деді Мемлекет басшысы құттықтауында.

Президент қазір геосаяси жағдай ушығып, түрлі сын-қатерлер күшейіп тұрғанына назар аудартты.

"Осы алмағайып кезеңде ізгілік, мейірімділік бауырмалдық, жауапкершілік сияқты қағидаттардың қадірі арта түсті. Сондай-ақ, халықаралық қауіпсіздіктің жаңа жүйесін қалыптастыру өте маңызды мәселеге айналды. Ол үшін әлем халқын бейбітшілікке шақыратын жаңа жаһандық қозғалыс қажет. Бұл ретте дін көшбасшылары айрықша ролл атқарады. Рухани лидерлер осы бағытта күш жұмылдырып, барша адамзатқа ортақ проблемаларды шешуге сүбелі үлес қосады деп сенемін. Хатшылықтың бүгінгі отырысы да осы мақсатқа орай ұйымдастырылып отыр. Қазақстан дінаралық және өркениаралық ынтымақтастыққа негіз болатын бастамаларға әрдайым қолдау көрсетеді. Оны сыртқы саясаттың негізгі басымдықтарының бірі ретінде ұсынады", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети