07 қараша 2016 12:06

Жаманқұловтың қанша сомадағы кепілақымен босап шыққаны белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тұңғышбай Жаманқұлов Тұңғышбай Жаманқұлов

Тұңғышбай Жаманқұловтың қанша сомадағы кепілақымен босап шыққаны белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Әртіс 1,3 миллион теңгені соттың депозитіне салып, қамаудан босатылыпты. Бұл туралы құқық қорғау органдарындағы дереккөз хабарлады.

2016 жылдың 2 қарашасында актер әрі продюсер Тұңғышбай Жаманқұловтың ұсталғаны хабарланды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы "Феникс" көркемфильмінің түсірілімдеріне бөлінген қаражаттың жымқырылғанын анықтаған болатын.

Айта кетейік, мұның алдында мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Тұңғышбай Жаманқұловтың ұсталуына қатысты пікір білдірген болатын. Министрдің айтуынша, Тұңғышбай Жаманқұлов кешірім сұрау үшін арнайы Астанаға келген. "Бір апта бұрын ол арнайы келіп, кешірім сұрады. Ісіне өкінетінін айтты. Әрине, бұл мәселе оңай емес. Ұзақ ойландым. Мен оған көмек көрсетуге дайынмын (...). Кепіл беруге де дайынмын", - деді мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Тұңғышбай Жаманқұлов түсіруі тиіс болған "Феникс" фильмі туралы ақпаратты мына жерден оқи аласыздар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети