01 қыркүйек 2023 11:25

Жаңа экономикалық үлгіге өтуіміз керек - Тоқаев

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Ақорда Фото: Ақорда

Қазақстан бірте-бірте жаңа экономикалық модельге көшуі керек. Бұл туралы Мемлекет басшысы Парламент палаталарының бірлескен отырысында жыл сайынғы Жолдауында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.


Қазақстан бірте-бірте жаңа экономикалық модельге көшуі керек. Бұл туралы Мемлекет басшысы Парламент палаталарының бірлескен отырысында жыл сайынғы Жолдауында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Бұл, ең алдымен, экономикалық тұрақтылығымыздың аса маңызды кепілі екені сөзсіз. Әрине, басқа елдер де қарап отырған жоқ, олар да алға қарай ұмтылып, дамуда. Бір сөзбен айтқанда, жаһандық экономика және халықаралық еңбек нарығы түбегейлі өзгеруде. Технологиялық бәсеке қызып тұр. Барлық жерде ресурстар үшін талас жүріп жатыр. Климаттың өзгеруі, азық-түлік қауіпсіздігі және демографиялық тұрғыдан орнықты даму ең өзекті мәселеге айналды. Бір сөзбен айтқанда, адамзат тарихында бұрын-соңды болмаған сын-қатерлер мен түбегейлі өзгерістер дәуірі басталды. Осындай аса маңызды шақта зор экономикалық серпіліс жасауға еліміздің толық мүмкіндігі бар. Ол үшін біз біртіндеп жаңа экономикалық үлгіге өтуіміз керек. Бұл жұмысты батыл жүргізуіміз қажет. Басты мақсат – қағаз жүзіндегі биік жетістіктерге қол жеткізу емес, шын мәнінде халықтың тұрмыс сапасын жақсарту болуға тиіс", - денді Тоқаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети