01 наурыз 2022 14:44

Жас әрі қабілетті мамандарға мүмкіндік бермейміз - Тоқаев

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев партияластар ішінен сенімді адамдарды іріктеп, оларды ілгерілету ісін жалғастырған жөн екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев партияластар ішінен сенімді адамдарды іріктеп, оларды ілгерілету ісін жалғастырған жөн екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

"Ашығын айтқанда, қазіргі кезде саяси менеджерлерді даярлау ісі ақсап тұр. Қазіргі жағдайда саяси басшылар түрлі мамандармен, жастармен, журналистермен, халықтың барлық өкілдерімен тіл табыса алуы керек. Мұндай адамдар ел арасында аз емес. Әлеуметтік лифтінің жоқтығы - бірден-бір кедергі.  Жас әрі қабілетті мамандарға мүмкіндік бермейміз. Бұл - біздің басты кемшілігіміз. Партия құрылымында Саяси менеджмент академиясы бар. Осы академияның қызметін күшейту қажет", - деді Президент.

Президент осы айтылған міндеттерді мейлінше қысқа мерзім ішінде орындау қажет екеніне назар аударды. Партия төрағасы орталық аппаратқа жұмыс тобын құрып, партияның жаңа тұғырнамасын әзірлеуді тапсырды.

Айта кетейік, Nur Otan партиясының атауы "Аманат" деп өзгертілді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети