05 мамыр 2023 16:51

"Жау жоқ деме, жар астында" - Тоқаев армияның рөлі туралы

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:gov.kz Фото:gov.kz

Мемлекет басшысы – Жоғарғы Бас қолбасшы Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі күрделі кезеңде армияның рөлі күшейе түскенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Мемлекет басшысы – Жоғарғы Бас қолбасшы Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі күрделі кезеңде армияның рөлі күшейе түскенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Барлық мәселе халықаралық құқық аясында Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысына сәйкес шешілуге тиіс деп санаймыз. Алайда, заман күнде құбылып жатыр. Мемлекеттер өз мүддесін қорғау үшін жиі күш қолданатын болды. Әлемде жаппай қарулану белең алды. "Жау жоқ деме, жар астында" деген сөз бар. Қазіргі күрделі кезеңде армияның рөлі күшейе түсті.

Армия егемендігімізді қорғауға әрдайым дайын болу қажет. Оның кәсіби дайындығы, заманауи қару-жарақпен, озық технологиямен жабдықталуы басты факторға айналды. Әскердің білікті болуы және ұтқырлығы ұрыс нәтижесіне тікелей әсер етеді. Армия осы талапқа сай болса, өз міндетін ойдағыдай атқарады. Түрлі қауіп-қатерге тойтарыс бере алады. Мен сайлау алдындағы бағдарламада Қорғаныс саласының басымдықтарына арнайы тоқталдым", - деді Мемлекет басшысы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети