17 шілде 2023 10:54

"Жедел жәрдем де жете алмайды". БҚО тұрғындары уәде берілген жолды күткендеріне үш жыл болған

Алғабек Хамитұлы Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Хабар 24" видеодан кадр. "Хабар 24" видеодан кадр.

Батыс Қазақстан облысындағы бірнеше ауылдың тұрғындары 15 миллиард теңгеге уәде берілген жолды үшінші жыл күтіп отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.


Батыс Қазақстан облысындағы бірнеше ауылдың тұрғындары 15 миллиард теңгеге уәде берілген жолды үшінші жыл күтіп отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.

Үш жылдың ішінде облыс орталығын 6 ауылмен байланыстыратын 60 шақырым жолға асфальт төсеу жоспарланған болатын. Биыл жұмыстың соңғы бөлігін аяқтау керек еді, бірақ жаздың ортасы болса да жол жөндеу жұмыстарында тірі жан жоқ. Асфальт бетон шығаратын зауыт да бос тұр.

Ауыл тұрғындары үшін жол талғамайтын көлікпен жүру өте қиын.

"Біз осылай өмір сүріп жатырмыз, тапқан-таянғанымызды көлікке жұмсаймыз. Олар осы уақытта аяқтауы керек еді, бірақ олар әлі бастаған да жоқ. Тіпті жедел жәрдем де кейде жете алмайды. Ауыр науқастарға өте қиын. Егер кенеттен оларға бірдеңе болып қалса не болады? Біздің қалай жолдан азап шегіп, көліктеріміз бұзылып, аудан орталықтарына жете алмай жатқынымызды сөзбен айтып жеткізе алмаймыз", - дейді шағымданған тұрғындар.

Осыған дейін жолдың бір бөлігі жасалған, бірақ жұмыс сапасыз деп танылған. Төселген жолдың кей жерлері опырылып жатқаны көзге көрінеді.

"2022 жылы 11 рет тексеру жүргізіліп, 12 ақау анықталды. Оның екеуі өрескел кемшіліктер. Сондай-ақ мамандар жол құрылыс материалдарының 102 сынамасын алды. Оның ішінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік техникалық реттеу жүйесі бойынша 24 сынама сәйкес келмеді. Нығыздау бойынша 10 шақты топырақ үлгілері, сондай-ақ қиыршық тас пен құмды қиыршық тастардың құрамына сәйкес келмеді", - деді "Жол активтерінің ұлттық сапа орталығының" инженері Дәурен Әміров.

Жергілікті әкімдік жақын арада асфальт төсеу жұмыстары қайта жалғасады деп сендірді. Құрылыстың тоқтап қалуына материалдардың қымбаттауы себеп болған.

"Инертті материалдар бағасының көтерілуіне байланысты жобаны түзетуге жіберу керек болды, барлығы мақұлданды, ақша бөлінді, жұмыс келесі айда жалғасады. Жыл аяғына дейін жол құрылысшылары 2 миллиард теңгені игеретін болады,"- деді тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Жанғали Мұратов.

Жаңақала – Жаңақазан бағытын келесі жылы аяқтау жоспарланған болатын. Оның бастапқы құны 15 миллиард теңгеге бағаланды. Жұмыс кезең-кезеңімен жүргізілуі керек еді. Құрылыс жұмыстарының тоқтап қалуы нысанды пайдалануға беру мерзіміне қаншалықты әсер ететініне мамандар жауап бермеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети