18 қаңтар 2024 09:09

Жер астына түсіп кеткен автобусты іздеу: тыныс алу аппараты мен құтқарушы сөмкесі табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: ТЖМ Фото: ТЖМ

Павлодар облысында шұңқырға құлаған автобусты іздеу жұмыстары барысында сынған бөлшектер, оттегі баллоны, тыныс алу аппараты және құтқарушының сөмкесі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖМ мәліметіне сілтеме жасап.


Павлодар облысында шұңқырға құлаған автобусты іздеу жұмыстары барысында сынған бөлшектер, оттегі баллоны, тыныс алу аппараты және құтқарушының сөмкесі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖМ мәліметіне сілтеме жасап.

ТЖМ мәліметінше, ауыр техникамен шұңқырдың шетіне аппарель төселген және сақтандыру кабелі бойынша шағын габаритті экскаватордың түсуі қамтамасыз етілген.

"Автобустың болжамды орналасқан жерінде қазба жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оның барысында автобустың сынған бөлшектері, оттегі баллоны, тыныс алу аппараты және құтқарушының сөмкесі табылды", - делінген хабарламада.

Жұмыстарды жүргізу тау жыныстарының тұрақсыздығына және пайда болған шұңқырдың астындағы бос орындарға байланысты топырақтың үнемі қозғалуы мен сырғуына байланысты қиындап отырғаны айтылды.

"Құтқарушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін құтқарушылар шұңқырға түсуді жүргізетін, сондай-ақ экскаватор машинисін сақтандыратын арқан тартылады. Жұмыстарды жүргізу үшін шамамен 4 шақырым альпинистік арқан, альпинистік жабдық, кинологиялық есептеулер қолданылды.

Жұмыстар қиын жағдайда жүргізіліп жатыр. Қатысқан барлық мамандардың өмірлеріне үлкен қауіп төндіреді. Автобустың болжамды орналасқан жерінде бос орындардың болуы мүмкін жәнеде іздеу жұмыстарын жүргізу кезінде қайта құлау қаупі бар".

Нақты уақыт режимінде топырақтың қозғалысын бақылауға арналған құрылғы орнатылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети