28 тамыз 2019 09:28

Жұлдыз қонақтарға кигізетін шапандардың бағасы белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Николас Кейдж бен Айман Мұсақожаева Николас Кейдж бен Айман Мұсақожаева

Бұрынғы мәдениет және спорт министрі, ал қазір Ұлттық музейдің директоры қызметінде жүрген Арыстанбек Мұхамедиұлы Қазақстанда жұлдыз қонақтарға кигізетін шапандардың бағасын атады. Бұл туралы ол Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында айтып берді.


Бұрынғы мәдениет және спорт министрі, ал қазір Ұлттық музейдің директоры қызметінде жүрген Арыстанбек Мұхамедиұлы Қазақстанда жұлдыз қонақтарға кигізетін шапандардың бағасын атады. Бұл туралы ол Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында айтып берді.

Бұрынғы министр елде өткізілетін барлық мәдени іс-шара жақсы өтуі үшін (Қазақстан хандығының 550 жылдығы, 2016 жылғы Олимпиада ойындары, EXPO және тағы басқа) бірінші кезекте өзге елдерден келетін қонақтармен жақсы қарым-қатынас керек дейді. Сондықтан олар үнемі шетелден келген жұлдыз қонақтарға шапан кигізіп отырған екен.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Keeping up with the local traditions ... wonderful country Kazakhstan ????????!

Публикация от Plácido Domingo (@placido_domingo)

"Шапандардың бағасы 300-400 мың теңге аралығында. Бірақ бұл баға олардың Қазақстанға жасайтын жарнамасымен салыстыруға келмейді. Николас Кейджді мазақ қылып, түрлі мемдер пайда болған кезде ашуландым. Сондықтан мен келесі жолы Пласидо Домингоға қолдау көрсетуін сұрап, барлығын түсіндірдім. Ол біз берген шапанды киіп, Instagram-ға жариялап, "жергілікті өңірдің дәстүрлерін сақтай отырып... Қазақстан - тамаша ел!" деп суретінің сипаттамасына жазып қойды", - дейді экс-министр.

Бұдан бөлек, Мұхамедиұлы министр қызметінде жүзеге асырған жобаларын айтып, тағайындалуына қатысты пікір білдірді.


© Eurasia International Film Festival

Естеріңізге сала кетейік, шапан киген қонақтардың ішінде Голливуд актері, продюсер және кинорежиссер Николас Кейдж бар, ол биыл 22 шілдеде Астанаға "Еуразия" Халықаралық кинофестивалінің қонағы ретінде келген болатын. Оның шапанмен түскен фотосуреті әлеуметтік желілерде танымал болып, мемге айналған еді.

Ал кейін Қазақстанның ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Голливуд актері Николас Кейдждің желіде танымал болған суретінен кейін шапанды ведомствасының әрбір қонағына сыйлауға уәде берген болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети