27 сәуір 2022 12:23

Қадыр түні - 2022. Қашан, қалай және не істеу керек?

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

2022 жылғы Қадыр түні белгіленді. Биыл ол 27 сәуірден 28 сәуірге қараған түнге сәйкес келіп тұр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


2022 жылғы Қадыр түні белгіленді. Биыл ол 27 сәуірден 28 сәуірге қараған түнге сәйкес келіп тұр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Қадыр түні араб тілінде Ляйлятуль-Кадр немесе Аль-Кадр деп айтылады. Мағынасы "қасиетті, қадірлі, құдіретті, маңызды түн" дегенді білдіреді. Қадыр түнінде Мұхаммед пайғамбарға Жәбірейіл періште келіп, Құранды берген деп саналады. Бұл Рамазан айының аяғы, яғни он түнінің бірі болған. Ораза айында мың айдан да қадірлі түн бар екені айтылады. Бұл түн Қадыр түніне сәйкес келеді. Қадыр түні туралы Құран Кәрімнің "Қадір сүресінде" де айтылған.

Құранда Қадыр түні оразаның соңғы он түнінің бірінде екені айтылған, бірақ нақты күні айтылмаған. Бұл түні періштелер жерге түсіп, береке орнайды деп саналады. Періштелердің жерге түсуі Қадыр түнінің маңызды екенін көрсетеді.

Қадыр түнінің қандай белгілері бар?

Хадистерде бұл түн жанға жайлы, тыныш болатыны айтылады. Ауа температурасы қатты суық, не қатты ыстық болмайды. Аспанда жарық ай көрінеді. 

Қадыр түнінде не істеу керек?

Қадыр түні басталғанға дейін толық дәрет алған жөн, сонымен қатар, теріс ойлардан жаны мен жүрегін аулақ ұстаған дұрыс. Осы түнде жасаған күнәлар үшін кешірім сұрап, өкініп, көп дұға еткен жөн. Құлшылық жасап, сауапқа кенелетін ең ұтымды уақыт - қадыр түні. Сонымен қатар, Құран оқып, мағынасын түсініп, діни білім алған абзал екені айтылады. 

Қадыр түнінде не істемеу керек?

  • Зиян нәрселерден аулақ болған жөн.
  • Дінде рұқсат етілмеген нәрселерді істеуге болмайды. Мысалы, ішімдік ішуге болмайды.
  • Біреудің сыртынан ғайбат айтуға, бос әңгімеге үйір болуға болмайды.
  • Түнде ұйықтамаған абзал, оның орнына құлшылық еткен жөн.
  • Ұрысуға, біреу туралы жаман нәрсе айтуға болмайды.
  • Фильмдер мен ойын-сауық бағдарламаларын көріп, уақытты бос өткізуге болмайды.

Қадыр түнін қайда өткізуге болады?

Бұл түнді үйде немесе мешітте өткізеді. Түнді жалғыз да, жамағатпен де қарсы алуға болады. Қадыр түнінде намаз, Құран оқылады. Сонымен қатар, болашаққа жоспарлар құрылады, өткен істері үшін кешірім сұралады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети