26 қаңтар 2015 13:25

Калачи ауылынан көшкен отбасыларға көмек берілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Ренат Ташқынбаев ©Ренат Ташқынбаев

"Ұйқышылдық ауруына" шалдыққан Калачи ауылынан екі отбасы көшірілді, енді олар Атбасар ауданы Ярославск ауылдық округіндегі Родионовка ауылында тұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасының "Ақмола медиа орталығына" сілтеме жасап. Көшіп барғандарға жайлы үй, ақша, бір-бір сиыр мен жем-шөп берілді. 


"Ұйқышылдық ауруына" шалдыққан Калачи ауылынан екі отбасы көшірілді, енді олар Атбасар ауданы Ярославск ауылдық округіндегі Родионовка ауылында тұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасының "Ақмола медиа орталығына" сілтеме жасап. Көшіп барғандарға жайлы үй, ақша, бір-бір сиыр мен жем-шөп берілді. 

Орталықтың мәліметінше, Калачиден екі отбасы 2015 жылы 24 қаңтарда көшірілді, олардың жаңа үйлері көңілдерінен шықты. Көшіп барғандардың бірі, көп балалы ана Яна Овсейчиктің айтуынша, олар Калачиден көшкендері үшін өкінбейді, себебі оларға жаңа ауылдан үйден бөлек жұмыс та берілді.

"Менің алты балам бар, маған бұл жерде бәрі ұнады, көшіп кеткеніміз үшін өкінбейміз. Бізге үйді және мал шаруашылығына арналған кешенді көрсетті, мен 14 жыл бойы мал шаруашылығында қызмет еттім, ешқандай жұмыстан қашпаймын, қуаныштымын, енді менің үйім де, жұмысым да бар", - дейді ол. 

Айта кетейік, көшіп барған екі отбасына "Алтын дән" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы бір-бір сиыр мен жем-шөп берді, сонымен қатар көшерақы төленді. Екі отбасының мектеп жасындағы балаларына тегін тамақтануға талон беріліп, жасы үлкендері Атбасардың агротехника колледжіне орналастырылып, жатақханамен қамтылатыны белгілі болды. 

Еске сала кетейік, 2014 жылы 23 желтоқсанда Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин Калачи тұрғындарының бәрі бірдей көшуге келіспегенін айтқан болатын. "Мен еш күдіксіз, бір шешімге келдім, тұрғындарды көшіру керек. Біріншіден бұл депрессиялық ауыл. 223 отбасы Калачида қалды, олардың 106-сы - балалар. Мен тұрғындармен кездескенде оларды көшіру керегін айттым. Бірақ әркім әртүрлі қабылдады, бірақ 70 пайызы келісті. Бірінші кезекте балалары бар отбасылар көшуі керек, - деді Кулагин.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.35   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети