28 ақпан 2023 09:36

Қарағандыдағы балабақшада 2 жасар баланың аяғы күйіп қалған

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағандыдағы жекеменшік балабақшалардың бірінде екі жасар баланың аяғы күйіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ekaraganda.kz сайтына сілтеме жасап.


Қарағандыдағы жекеменшік балабақшалардың бірінде екі жасар баланың аяғы күйіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ekaraganda.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұған дейін Желіде балабақшада термиялық күйік алған бала туралы ақпарат тараған еді. Фото мен видеодан баланың күйген кішкентай аяғын көруге болады.

"Қызметкерлер біздің ұлымызды жуындырмақ болғысы келгенін, бірақ қараусыз қалдырғанын айтады. Нәтижесінде балам 2-3 дәрежелі аяқтың термиялық күйігін алған. Ұлым әлі де оңалту сатысында. Біз барлық кінәлілерді жазалау үшін әділеттілікке қол жеткізуге тырысамыз", - деп әлеуметтік желілерде қала тұрғындарының бірі жазба жариялады.

Қарағанды облысы бойынша ПД жағдайға пікір білдірді.

"Мектепке дейінгі мекемеде екі жасар баланың күйіп қалу дерегі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 306-бабы, 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деді ПД өкілі.

Қарағанды ​​облысының білім басқармасы бұл балабақшаның бөлім балансында емес екенін айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети