28 қазан 2023 09:37

Қарағандыдағы шахтада жарылыс: қаза тапқандар саны артты

ПОДЕЛИТЬСЯ

facebook.com facebook.com

Қарағанды ​​облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Қарағандыда шахтада болған жарылыс кезінде 11 адам қаза тапқанын айтты. Тағы 18 адам ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қарағанды ​​облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Қарағандыда шахтада болған жарылыс кезінде 11 адам қаза тапқанын айтты. Тағы 18 адам ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бүгін Костенко атындағы шахтада өрт болып, 11 адам қаза тауып, 18 адам түрлі дәрежедегі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Бұл - таңғы сағат 09:00-дегі ақпарат.

Қаза болған кеншілердің туыстары мен жақындарына көңіл айтамын", - деді Бөлекпаев Facebook-парақшасында.

Оның айтуынша, апат кезінде шахтада 252 адам болған, 205 кенші жер бетіне шығарылған.

"Мен шахтаға келген сәттен бастап менің басшылығыммен жедел штаб құрылды, оның құрамына жауапты тұлғалар мен әріптестер кірді. Біз сіздермен қиын күндерде бірге боламыз және қолдаймыз", - деп қосты Ермағанбет Бөлекпаев.

Еске салайық, бұған дейін Қарағанды ​​облысындағы шахтада жарылыс болып, 7 адам қаза тапқаны хабарланған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети