20 қыркүйек 2017 16:44

Қарин наразылық нотасы жайлы: Бұл қажет емес хайп ресми Бішкектің өзіне зиян

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ortcom.kz © ortcom.kz

Саясаттанушы Ерлан Қарин Қырғызстанның наразылық нотасына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Саясаттанушы Ерлан Қарин Қырғызстанның наразылық нотасына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Қырғызстанның Сыртқы істер министрлігі мен басты кандидаттың штабы өтірік жасанды жанжал шығарып отыр. Наразылық нотасын жіберудің өзі мүлде дұрыс емес. Мен кеше де жазған болатынмын, кандидаттармен және саяси партиялардың лидерлерімен кездесулер өткізу бұрыннан келе жатқан тәжірибе. Онымен қоса Қырғызстанның Орталық сайлау комиссиясы бұл жерде ешқандай ереже бұзушылықтарды көріп отырған жоқ. Бұл қажет емес хайп ресми Бішкектің өзіне зиян", - деп жазды Ерлан Қарин Facebook желісіндегі парақшасында.


Назарбаев пен  Қырғыз Республикасының Президенттігіне кандидат Өмірбек Бабанов.

"Президент осыған дейін де басқа кандидаттарды қабылдаған болатын. Мемлекет басшысы тамыз айының басында Сооранбай Жээнбековпен кездесті. Ал 2010 жылы парламент сайлауында Нұрсұлтан Назарбаев Қырғызстанның барлық саяси партиясының лидерлерімен - "Ар-Намыс" және "Ата-Жұрт" партиялары кездескен болатын. Сондықтан да бүгінгі кездесуден ешқандай астар іздеудің қажеті жоқ", - деді ол.


Назарбаев Сооранбай Жээнбековпен Астанада.

Айта кетейік, 19 қыркүйекте Нұрсұлтан Назарбаев Қырғыз Республикасының Президенттігіне кандидат Өмірбек Бабановпен кездескен болатын.

Кейінірек Қырғызстан қазақстандық тарапқа наразылық нотасын жолдаған еді.

"Министрлік Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қырғыз Республикасының президенттігіне кандидаттардың бірімен өткен кездесуде Қазақстан басшысының кандидатқа алдағы сайлауда қолдау білдіреуіне байланысты түсінбестік туғанын хабарлайды. Қазақстан басшысы Қырғызстанның ішкі істеріне араласпаймын деп мәлімдегеніне қарамастан, оның Қырғыз Республикасының болашақ президентіне қатысты айтқан сөздері қазақстандық тарапты қолдайтынын көрсетеді. Осылайша, Қырғызстан тарапы айтылған сөздері және қазақстандық тараптың осы кездесуді баяндауын Қазақстанның Қырғыз Республикасының ішкі істеріне және алдағы сайлауға әсер еткісі келеді деп түсінеді", - делінген наразылық нотасында.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети