18 наурыз 2015 20:42

Қазақстан Әлиевтің өлімі туралы куәліктің көшірмесін әлі алған жоқ - Бас прокуратура

ПОДЕЛИТЬСЯ

Рахат Әлиев. Фотосурет әлеуметтік желілерден алынды Рахат Әлиев. Фотосурет әлеуметтік желілерден алынды

Қазақстанның Бас прокуратурасы Австрия тарапының әзірше Рахат Әлиевтің өлімін тергеумен байланысты ешқандай құжатты жолдамағанын айтты, - деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан". 


Қазақстанның Бас прокуратурасы Австрия тарапының әзірше Рахат Әлиевтің өлімін тергеумен байланысты ешқандай құжатты жолдамағанын айтты, - деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан". 

"Қандай да бір материалдар, соның ішінде оның өлімі туралы куәліктің көшірмесі келмеді", - делінген Бас прокуратураның "Интерфакс-Қазақстан" агенттігінің ресми сауалына қайтарған жауабында. Бас прокуратураның хабарлауынша, Австрия тарапы Астананың Әлиев өлімін тергеуге көмек көрсету туралы ұсынысына да жауап бермеген.  

"Австриялық әріптестерден Рахат Әлиевтің өлімі жағдайларын тергеуге көмек көрсету туралы біздің ұсынысымызға ресми жауап келмеді", - делінген Бас прокуратураның агенттікке қайтарған жауабында. Бұған дейін ҚР Бас прокуратурасының Австрияға Әлиевтің өлімін тергеу материалдарын, соның ішінде мәйітке жүргізілген сот-медицина сараптамасы материалдарын ұсыну туралы сұрау жолдағаны хабарланған еді. Қазақстанның құқық қорғау органдары Әлиевтің өлімін тергеуге көмек көрсетуді де ұсынды. 

Қазақстанның Австриядағы бұрынғы елшісі 24 ақпан күні Австрия түрмесіндегі жалғыз орындық камерада асылып қалған күйі табылған еді. Мәйіт жуыну бөлмесінде киімілгішке дәкемен асылған күйі табылған. Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, жүргізілген сараптамалар Әлиевтің өзін-өзі өлтіргенін растады. Әлиев өткен жексенбіде Венада жерленді. 

2007 жылға дейін Қазақстанның Австриядағы елшісі қызметін атқарған Рахат Әлиев 2008 жылы Қазақстанда аса ауыр қылмыстар, соның ішінде, отанды сату, мемлекеттік төңкеріс әзірлеу қылмыстары бойынша айыпты деп танылып, ұзақ жылдарға бас бостандығынан айырылды. Әлиев 2007 жылдың көктемінен бері шетелде жасырынып жүргендіктен оған үкім сырттай шығарылды. 

Австрияның құқық қорғау органдары экс-елшіні Венада өткен жылдың 5 маусымында ұстады. Оны ұстауға "Нұрбанк" АҚ топ-менеджерлері Жолдас Темірәлиев пен Айбар Хасеновтің ұрлануы мен өлтірілуі дерегі жөніндегі тергеу материалдары негіз болды. Батыс ақпарат құралдарының мәліметінше, Вена кезінде Әлиевті Қазақстанға экстрадициялауға екі рет қарсы болды, себебі Австрия тарапы Қазақстанда оның ісі сотта объективті қаралмауы мүмкін деп топшылады. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети