Қазақстан Рахат Әлиев өлімінің жан-жақты тергелуін талап етеді

25 Ақпан 2015, 16:30
0
Қазақстан Рахат Әлиев өлімінің жан-жақты тергелуін талап етеді - ҚР СІМ ғимараты. ©Тұрар Қазанғапов
ҚР СІМ ғимараты. ©Тұрар Қазанғапов

Қазақстан тарапы Рахат Әлиевтің өліміне қатысты жағдайды жан-жақты және әділ тергеуді талап етіп отыр, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Австрия Республикасының құзыретті органдары қазақстандық құқық қорғау органдарының Рахат Мұхтарұлы Әлиевтің (Шораз) өліміне қатысты жағдайды жан-жақты және әділ тергеу жүргізуді талап етіп отырғаны, сонымен қатар, австриялық тарап қарсы болмаған жағдайда тергеу жұмыстарына өздерінің де қатысуға ниетті екендігі туралы ресми түрде хабардар етілді", - деп хабарлады министрліктің баспасөз хатшысы Нұржан Айтмаханов. 

Оның айтуынша, Қазақстан Республикасының Венадағы елшілігі Австрияның құзыретті органдары мен Рахат Әлиевтің адвокаттарына мұндай жағдайда жүзеге асырылуы қажет консулдық әрекеттерді орындауға дайын және Австрия билігімен тұрақты байланыста екенін хабарлады. 

Айта кетейік, Австрияның билік өкілдері Қазақстан Республикасының азаматы Рахат Әлиевтің 2015 жылдың 24 ақпанында Венадағы тергеу изоляторында қайтыс болғаны туралы ақпаратты растады. Австрия Республикасы әділет министрлігінің, тергеу изоляторының, сондай-ақ тиісті сот өкілдерінің ақпаратына сәйкес, өлімнің себебі - өз-өзіне қол жұмсау.

"Қазіргі кезде Австрия Республикасының құқық қорғау органдары болған оқиғаның барлық мән-жайын зерттеп жатыр. Қазіргі таңда қайтыс болған азаматтың туыстары, соның ішінде Э. Шоразова Қазақстан Республикасының елшілігіне қандай да бір көмек көрсету туралы өтініш білдірмеген", - деді баспасөз хатшысы. 

 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай