Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Рахат Әлиев Австрияда тұтқындалды - БАҚ

06 Маусым 2014, 11:03
0
Рахат Әлиев. ©Krone.at
Рахат Әлиев. ©Krone.at

Қазақстанның Австриядағы бұрынғы елшісі Рахат Әлиев Венада кісі өлтіру мен адам ұрлауға айыпталуына байланысты тұтқындалды, - деп хабарлайды Agence France-Presse жергілікті APA ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Әлиев адвокатының мәлімдеуінше, оның қорғауындағы адам билік өкілдеріне өз еркімен беріліп, Австрия құқық қорғау органдарымен ынтымақтаса жұмыс істеуге ниетті. Бұған дейін Қазақстан соты Рахат Әлиевті екі банкирдің (Жолдас Темірәлиев пен Айбар Хасенов) өліміне кінәлі деп тапқан болатын. Бұл екеуі 2007 жылы ұрланып кеткен, олардың мәйіті 2011 жылы табылды. Әлиевке жалпы алғанда 40 жылға бас бостандығынан айыру жазасын беруге сырттай үкім шығарылды.

Австрия Әлиевке өз отанында әділ сот төрелігі қамтамасыз етілмейді деген шамалау бойынша оны Қазақстанға беруден екі рет бас тартқан болатын. 2011 жылдың шілдесінде құқық қорғау органдары Мальтаға кетіп үлгерген бұрынғы елшіге қатысты өзіндік тергеу бастады.

2014 жылдың қаңтарында Қазақстан прокуратурасы саясаткер Алтынбек Сәрсенбаев пен оның жүргізушісін және күзетшісін өлтіруді ұйымдастыруға қатысы барын анықтау мақсатымен Әлиев пен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Әлнұр Мұсаевқа қатысты қылмыстық іс қозғауға өтініш білдірді.

 

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай