05 мамыр 2023 16:35

Қазақстан армиясы қай елдердің қару-жарағын қолданады?

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:gov.kz Фото:gov.kz

ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Қамалетдинов журналистерге Қазақстан Қарулы Күштері қаруды қай елдерден сатып алатынын және армияға кадрларды қайдан дайындайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біздің армияда әртүрлі елдердің қару-жарақтары бар. Біз тек Ресейден ғана емес, Түркиядан, АҚШ-тан, Қытайдан және басқа да мемлекеттерден аламыз. Кадрларды даярлау Қарулы Күштерде, әскерлер мен әскери құралымдарда жүзеге асырылады, біздің кадрларды даярлауға шарттар, келісімшарттар мен меморандумдар жасалды. Ол Ресейде, Беларусьте, Түркияда, Үндістанда, АҚШ-та, Қытайда, Пәкістанда және басқа елдерде өтеді. Осы жоғары оқу орындарында тікелей оқудан басқа, курстық дайындық және бөлімшелерді бірлесіп даярлау жүзеге асырылып жатыр", - деді Қамалетдинов Мемлекет басшысының басшылығымен өткен бүкіл армия жиналысы кулуарында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети