04 наурыз 2022 13:17

Қазақстан Латвияға Ресей порттарын айналып өтіп жүк жібереді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Ресей аумағында тұрып қалған жүктерді Латвияның порттарына қарай жібереді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қазақстан Ресей аумағында тұрып қалған жүктерді Латвияның порттарына қарай жібереді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2022 жылғы 3 наурызда ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Камалиев пен Латвияның Байланыс министрлігі мемлекеттік хатшысының орынбасары Улдис Рейманис арасында бейне-конференция режимінде кездесу өтті. 

ҚР ИИДМ вице-министрі Ресей Федерациясы мен Украина төңірегіндегі ахуал жөнінде, Антверпен, Гамбург, Пириней, Роттердам және Мугга порттарының қазақстандық жүктерді қабылдаудан бас тартуына байланысты Ресейдің Санкт-Петербург, Новороссийск, Усть-Луга, Тамань порттары арқылы жүктерді тасымалдау барысында қиындықтар туындап жатқаны туралы айтты.  

Қазақстан Ресей аумағындағы жүктерді Латвияның Рига, Вэнстпилс және Лиепая порттарына қарай бағдарлайды.

Бұл шешімге Латвияның теңіз порттары келісімін берді. Латвия тарапы өз порттарының қуаты мен өткізу қабілетіне қарай қазақстандық жүктерді қабылдауға дайын екендігін мәлімдеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети