04 сәуір 2024 09:59

Қазақстанда 27 миллиард теңге болатын тендерлер күші жойылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Қарағанды облысының прокуратурасы жалпы сомасы 27,3 миллиард теңге болатын 54 мемлекеттік сатып алудың күшін жойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қарағанды облысының прокуратурасына сілтеме жасап.


Қарағанды облысының прокуратурасы жалпы сомасы 27,3 миллиард теңге болатын 54 мемлекеттік сатып алудың күшін жойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қарағанды облысының прокуратурасына сілтеме жасап.

Бюджет қаражатының жұмсалуы саласына жүргізілген талдау мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың бұзылуын анықтаған.

"Балқаш тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі ММ-нің жауапты қызметкерлері заң талаптарына қайшы түрде, су құбырын күрделі жөндеу бойынша 625 миллион теңгеге мемлекеттік сатып алуды жобалық-сметалық құжаттамасыз және сараптамалық қорытындысыз өткізген.

Тағы бір жағдайда, "Қарағанды облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" ММ 75,2 миллион теңге сомасына ластаушы заттардың шығарындыларының мөлшерін өлшеуге арналған жабдықтар мен аспаптарды сатып алуды негізсіз жоспарлаған, бұл ретте шығарындыларды өлшеу аталған мемлекеттік мекеменің құзыретіне жатпайды", - делінген хабарламада.

Қабылданған шаралардың арқасында бюджет қаражаты облыстық бюджетке қайтарылып, қайта бөлуге жіберілгені айтылды.

Бюджет қаражаттарының жұмсалу мәселесі қадағалау органының бақылауында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети