22 қаңтар 2015 10:16

Қазақстанда ақпан айы қарлы әрі аязды болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©st.gdefon.com ©st.gdefon.com

Қазақстанда ақпан айының ауа райы аязды болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап.


Қазақстанда ақпан айының ауа райы аязды болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап.

Қыстың соңғы айында ауа температурасы нормаға сай, тек Атырау мен Маңғыстау облыстарында нормадан 1-2 градусқа төмен болады деген болжам бар. Аязды күндер әсіресе Қостанай, Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында жиі болады. Ал Алматы, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау және Қызылорда облыстарында жауын-шашын көп түседі. Синоптиктердің хабарлауынша, Қарағанды мен Павлодар облыстарында аз мөлшерде жауын-шашын болады. 

Бұған дейін хабарланғандай, 23 қаңтарға дейін Қазақстанның барлық аумағында қалың қар жауып, боран соғады, тұман түсіп, көктайғақ болады. Еліміздің солтүстігінде ауа температурасы 25-27 градусқа дейін төмендеп, оңтүстікте 7-13 градусқа дейін аяз болады. Соңынан арктикалық антициклондардың әсерінен "Крещение аязы" бір аптаға кешігіп келеді. Бұл кезде еліміздің барлық аумағында жауын-шашын тоқтайды. Ауа райы республика бойынша жауын-шашынсыз болғанымен, солтүстіктегі ауа температурасы 30-35, кей жерлерде 43 градусқа дейін төмендейді. Еліміздің оңтүстігінде 20-25, кей жерлерде 30 градус аяз болады.

Еске сала кетейік, соңғы кездері Қазақстанда нормаға сәйкес келмейтін жылы күндер сақталып, соның әсерінен Алматыда ерекше табиғи құбылыс - қарлы найзағай болды. 15 қаңтар күні таңертең ауа температурасы күрт төмендеп, конвективті бұлтты ауа райы байқалды. Жылы ауа мен суық ауаның қатынасынан электр байланысы болып, найзағайдың күркірі естілді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети