15 қаңтар 2015 12:56

Алматыда сирек болатын қарлы найзағай күркіреді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Tengrinews.kz ©Tengrinews.kz

Алматыда 15 қаңтар күні таңғы уақытта ерекше табиғи құбылыс болды - қарлы найзағай. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне "Қазгидромет" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Алматы қаласы бойынша болжау бөлімінің басшысы Светлана Аманқұлова айтып берді.

Мамандардың айтуынша, 9.05-те күн күркіреді. "Қарлы найзағай - өте сирек болатын құбылыс. Мұндай метеожағдайлар процесстердің өте жылдам болып жатқан кезінде болады, ауа температурасы 10 градусқа төмендейді. Алматыда бұл уақытта ауа ағымының бәсеңдейтін және күшейетін, конвективті бұлтты ауа райы байқалды. Жылы ауа мен суық ауаның қатынасынан электр байланысы болып, найзағайдың күркірі естіледі", - деді "Қазгидромет" өкілдері.

Мұнымен қатар, қарлы найзағайдың болуына атмосфералық қысымның аумалы-төкпелі жағдайы да ықпал етті. Аманқұлованың айтуынша, өткен түні қысым түсіп, таңғы уақытта үш сағат ішінде бірнеше гектопаскальға дейін көтеріліп кетті.

"Қазгидромет" қызметкерлерінің айтуынша, Алматыда қарлы найзағай 2006 жылы 19 ақпанда байқалған еді. Ал оған дейін осындай құбылыс 1976 және 1985 жылдары желтоқсан айларында болған еді. Бұл туралы мамандар метеорологиялық станция журналындағы жазбалардан біліп отыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.85   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети