Денсаумин Қазақстанда дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды жеделдетіп тіркеуді іске қоспақ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дәрілер Фото:depositphotos.comдәрі

Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі өнімнің бір бөлігін нарыққа "бір терезе" қағидаты бойынша шығаруды жеделдетуді ұсынады. Тиісті бұйрық жобасы "Ашық НҚА" порталында жарияланды, - деп хабарлайды TengriHealth.


Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі өнімнің бір бөлігін нарыққа "бір терезе" қағидаты бойынша шығаруды жеделдетуді ұсынады. Тиісті бұйрық жобасы "Ашық НҚА" порталында жарияланды, - деп хабарлайды TengriHealth.

Денсаулық сақтау министрлігі не ұсынады?

Денсаулық сақтау министрлігі Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп, халықаралық тәжірибені ескере отырып, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды мемлекеттік тіркеу бойынша пилоттық жобаға түзетулер дайындады.

Сөз медициналық өнімдерді Қазақстан нарығына шығаруды жеделдетуге тиіс "бір терезе" механизмін жетілдіру туралы болып отыр.

Министрлік өзгерістердің басты мақсаты – халықаралық бағалаудан өткен және әлемнің жетекші елдерінде қолданылатын заманауи, сапалы әрі қауіпсіз дәрі-дәрмектер мен медициналық технологияларға пациенттердің қолжетімділігін жеделдету екенін мәлімдеді.

Қандай механизмдер енгізілмек?

Құжатқа сәйкес, Денсаулық сақтау министрлігі мыналарды ұсынады:

  • дәрілік заттарды преквалификациялау бағдарламасы аясында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен бірлескен тіркеу рәсімін жүргізу;
  • бақылау жүйесі қатаң елдердің, соның ішінде АҚШ, Ұлыбритания, Еуропалық Одақ елдері, Швейцария, Оңтүстік Корея, Сауд Арабиясы, Сингапур, Канада, Жапония және Аустралия реттеушілерінің шешімдерін тану;
  • халықаралық сапа және қауіпсіздік сертификаттары бар медициналық бұйымдарға жеделдетілген сараптама енгізу.

Жобаға сәйкес, жекелеген медициналық бұйымдарға сараптама жүргізу мерзімін 15 жұмыс күніне дейін қысқарту.

Министрлік бұл заманауи медициналық технологияларды тезірек енгізуге, пациенттер үшін инновациялық өнімдердің қолжетімділігін арттыруға және өндірушілер үшін әкімшілік кедергілерді азайтуға мүмкіндік береді деп санайды.

Сонымен қатар Денсаулық сақтау министрлігі рәсімдерді жеделдету бақылауды әлсіретуді білдірмейтінін баса айтты.

"Барлық дәрілік зат пен медициналық бұйымдар Қазақстан заңнамасына сәйкес сапасына, қауіпсіздігіне және тиімділігіне міндетті тексеруден бұрынғыша өте береді", - делінген құжатта.

Ведомство бұл өзгерістер жағымсыз салдарға әкеп соқпайтынын және халық арасында наразылық тудырмайтынын қосты.

TengriEdu