22 сәуір 2014 13:01

Қазақстанда алғаш рет "жылы асфальт" қолданылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото stolica-ua.com сайтынан Фото stolica-ua.com сайтынан

Ағымдағы жылдың соңына дейін "Күрті - Бурлыбайтал" жол учаскесінің 45 шақырымын салу бойынша жобалық-сметалық құжаттар әзірленеді. Ал келесі жылда аталған жолдың құрылысы басталып, ол жерде алғаш рет жылы асфальт-бетон қоспаларын пайдалану жоспарланып отыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Көлік және коммуникация министрлігіне сілтеме жасап. 

"Бұл технология әдеттегідей ыстық қоспаларға ұқсас жылы асфальт-бетон қоспаларын алуға мүмкіндік береді. Оның басты артықшылығы – энергияны 25 пайызға, ал жол құрылысына жұмсалатын шығынды 5 пайызға үнемдеуге болады. Сондай-ақ ол технология атмосфераға тарайтын зиянды түтін мен газдың мөлшерін барынша азайтып, еңбек жағдайын жақсартуға мүмкіндік бермек", - делінген министрліктің ресми хабарламасында.

Айта кеткен жөн, өткен жылы елімізде қара шағылтаспен өнделген жамылғы технологиясын алмастыратын және жолдың жөндеу аралығын 2-3 жылға ұлғайтатын "микросюрфейсинг" технологиясы сынақтан өткен. Сонымен қатар, монолитті темір-бетон көпірлерді салу құрылыстары бойынша сынақ жұмыстары да өткізілді. Оның барлығы құрылыс құнын 30 пайызға арзандатады. 

Жалпы, бүгінде "Қазжол" ғылыми-зерттеу институты 40 учаскеде инновациялық материалдар мен технологияларды сынақтан өткізуде. Зерттеу нәтижесі бойынша ол технологияларды жол құрылысында қолдану мәселесі қарастырылатын болады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети