02 сәуір 2024 09:27

Қазақстанда бүгін ауа райы қандай болады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

Синоптиктер ертең, 2 сәуірде Астанада және тағы сегіз өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Синоптиктер ертең, 2 сәуірде Астанада және тағы сегіз өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанада түнде және таңертең тұман түседі.

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында жауын-шашын, облыстың оңтүстігінде аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Ақтөбе облысында солтүстігінде, батысында тұман түседі.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман.

Павлодар облысында жауын-шашын (көбінесе жаңбыр), күндіз жаңбыр жауады.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі.

Түркістан облысының таулы аудандарында найзағай, дауыл болады. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, найзағай кезінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Абай облысының солтүстігінде жаңбыр жауады. Түнде және таңертең облыстың орталығында, оңтүстік-батысында тұман күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні секундына 15-18 метрге жетеді.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде жаңбыр жауады. Түнде және таңертең облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні секундына 15-18 метрге жетеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети