21 ақпан 2024 09:58

Қазақстанда хакер бас бостандығынан айырылды - ҰҚК

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: ҰҚК Фото: ҰҚК

Ақтауда мемлекеттік ақпараттық жүйелерді бұзған хакер сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Ақтауда мемлекеттік ақпараттық жүйелерді бұзған хакер сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қылмыстық кодекстің 147-бабы 3, 4-бөліктері, 205-бабы 2-бөлігі және 208-бабы 2-бөлігі 1-тармағымен қарастырылған қылмыстық құқықбұзушылық бойынша кінәлі деп танылған Қазақстан азаматына қатысты Ақтау сотының үкімі заңды күшіне енді.

"Ол 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

Сотталушы елдің ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының маңызды нысандары болып табылатын мемлекеттік ақпарат жүйелеріне заңсыз қолжеткізуді жүзеге асырғаны тергеу барысында анықталды", - делінген хабарламада.

Фигуранттың ақшалай сыйақыға одан әрі үшінші адамдарға беру үшін ҚР азаматтарының жеке деректерін заңсыз алу дерегі толық дәлелденген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети