27 желтоқсан 2023 16:37

Қазақстанда Жаңа жыл қарсаңында ауа райы қандай болады?

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сариев Фото ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сариев

Синоптиктер Қазақстанның әр өңірі тұрғындарын Жаңа жыл қарсаңында қандай ауа райы күтетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Синоптиктер Қазақстанның әр өңірі тұрғындарын Жаңа жыл қарсаңында қандай ауа райы күтетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Болжам бойынша, 30 желтоқсан мен 2 қаңтар аралығында Қазақстандағы ауа райына бірқатар Атлант циклондары және онымен байланысты атмосфералық фронттар әсер етеді. 1-2 қаңтарда жаңбыр және қар түрінде жауын-шашын күтіледі, солтүстік облыстарда қар жауады. Қазақстанда көктайғақ, бұрқасын, желдің жылдамдығы секундына 15-28 метрге жетеді.

Ауа температурасы:

  • батыста ауа температурасы түнде 5 градус аяз - 5 градус жылы, күндіз 2 градус аяз - 3 градус жылыдан 0-5 градусқа дейін ауытқиды;
  • солтүстік-батыста ауа температурасы түнде 7-12 аяздан 5 градус аязға дейін ауытқиды - 2 градус аяз, күндіз 0-8 градус аяздан 2 градус жылыға дейін - 5 градус жылы;
  • солтүстікте, орталықта түнде 5-15 аяздан 5 градус жылыға дейін ауытқиды – 2 радус жылы, күндіз 2-10 аяздан 2 градус жылыға дейін – 3 градус жылы;
  • шығыста түнде 7 градус аяз - 2 градус жылыдан 5-15 градусқа дейін, күндіз 2 градус аяз - 3 градус жылыдан 0-5 градус аязға дейін ауытқиды;
  • оңтүстікте, оңтүстік-шығыста негізгі фон түнде 0-10, таулы аймақтарда 10-15 градус аяз, күндіз 3 градус аяз - 5 градус жылы, таулы аймақтарда 6 градус аяз.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети